Перизат Қайрат колонияда еден жуушы болып жұмыс істеп жүр

Ал оның анасы Ғайни Алашбаева әзірге жұмысқа орналаспаған. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айтты.

Қайырымдылыққа жиналған қаражатты жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан колонияда еден жуушы болып жұмыс істейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал оның анасы Ғайни Алашбаева әзірге жұмысқа орналаспаған. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айтты.

«Қазіргі уақытта П. Қайрат мекемеде еден жуушы болып жұмыс істейді. Сауалда көрсетілген екінші адам жұмысқа тартылмаған», – делінген ведомство жауабында.

Комитет Перизат Қайраттың қанша жалақы алатынын, тәртібі мен колониядағы іс-шараларға қатысуы туралы мәліметтерді жарияламаған. Ведомство мұндай ақпаратты таратуға заңнамалық шектеулер бар екенін түсіндірген.