Алматыда тағы он адам коронавирус жұқтырды
Алматыда тағы он адам коронавирус жұқтырды
© Сурет ғаламтордан
105
оқылды
Алматыда тағы он адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Алматы қаласындағы 14:00 жағдай бойынша Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 10 оқиға анықталып, расталды. Бүгінгі күнге дейін 58 жағдай тіркелсе, оның екеуі емделіп шықты. Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, соның екеуі бала. Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербор – Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Стамбул – Алматы, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы, бүгінде ем-дом қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр бағаланса, төрт емделуші орташа дәрежеде, оның ішінде бала да бар. Провизорлық орталықтарда 854 адам бар, оның 86-сы бала. Үй карантинінде 2037 адам жатыр", – делінген хабарламада.