Қарағандыда 300-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады

Әскери ант қабылдау – әрбір сарбаздың өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Бұл – Отанға деген адалдықтың, әскери міндетке деген жауапкершіліктің және ел алдындағы сертке беріктіктің айқын көрінісі.

Қарағанды қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5451 әскери бөлімінде 300-ден астам жас сарбаздың Әскери ант қабылдау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Салтанатты іс-шара барысында жас жауынгерлер Отан алдындағы қасиетті борышын адал атқаруға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға салтанатты түрде ант берді.

Әскери ант қабылдау – әрбір сарбаздың өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Бұл – Отанға деген адалдықтың, әскери міндетке деген жауапкершіліктің және ел алдындағы сертке беріктіктің айқын көрінісі.

Салтанатты рәсімге әскери бөлім басшылығы, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Жиын барысында жас жауынгерлерге ізгі тілектер айтылып, әскери қызметте табандылық пен тәртіптілік танытуға шақырылды.

Әскери ант – жай ғана сөз емес, ол – Отанға адал қызмет етуге берілген серт.