Бұрын мұндай жағдайда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2026 жылдан бастап жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған азаматтарға құжатты eGov порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы ауыстыру мүмкіндігі берілді. Жаңа қызмет жүргізуші куәлігінің барлық санатына қолданылады.
Дегенмен бір маңызды талап бар. Егер куәліктің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, жүргізуші міндетті түрде медициналық тексеруден өтуі керек. Ал құжатты мерзімі аяқталмай тұрып ауыстырған жағдайда медициналық анықтама талап етілмейді.
Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін жол қозғалысы ережелерінен қайта емтихан тапсырудың қажеті жоқ екенін түсіндірді. Өтініш беру кезінде азамат дайын құжатты алатын ХҚКО-ны таңдап, фотосуреті мен қолтаңбасын жүктейді. Сондай-ақ 1,25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді. Онлайн өтінімді өңдеу мерзімі – 60 минут.
Тағы бір маңызды жайт – жүйе жүргізушінің төленбеген айыппұлдарын да тексереді. Егер 30 күннен астам уақыт бұрын салынған айыппұл өтелмесе, куәлікті ауыстыру мүмкін болмайды. Жаңа тәртіп жүргізушілердің уақытын үнемдеп, құжат рәсімдеу үшін ХҚКО-ға бірнеше рет бару қажеттілігін азайтуға бағытталған.