«Бір құлағым естімей қалды»: актер Ерболат Әлқожа жарақат алғанын айтты (видео)

Қазір Қырғызстанда ем алып жатқан актер өзіне қолдау білдіріп жатқан оқырмандарына алғыс айтты.

Актер Ерболат Әлқожа түсірілім кезінде ауыр жарақат алғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, бір құлағы есту қабілетінен айырылған. Қазір Қырғызстанда ем алып жатқан актер өзіне қолдау білдіріп жатқан оқырмандарына алғыс айтты.

«Мен үшін уайымдап, жылы лебіздерін білдіріп жатқан оқырмандарыма алғысым шексіз. Рақмет сіздерге! Бұл – түсірілімде болған жарақат. Бір құлағым мүлде естімей қалды. Қырғызстанның мен деген мықты дәрігерлері емдеп жатыр. Қырғыз бауырларымызға көп алғыс. Мен үшін уайымдағандарыңызды өзі ем болды. Өзімді жақсы сезініп қалдым. «Нөміріңізді айтыңыз, ақша жіберейік» деп жатқан оқырмандарыма рақмет, қажет емес, ақша бар. Өзіңнің біреуге керек екеніңді сезінгеннің өзі бақыт екен», – деді актер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.