Астанада «Чарли мен Ирэн» балетінің премьерасы өтті

Қойылымды Mosaica Del Arte шығармашылық тобы театр труппасына арнайы әзірлеген.

«Астана Опера» театрында А.Кестнердің музыкасына қойылған «Чарли мен Ирэн» балетінің әлемдік премьерасы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Балетті хореограф К.Радев сахналады. Театрдың симфониялық оркестріне А.Оразғалиев дирижерлік етті. Неоклассикалық қойылымның көркемдік шешіміне дыбыссыз кино эстетикасы негіз болған. Балетте әсерлі би қимылдары кинодағы монтаж тәсілдерімен сабақтасады.

Шығармада кезбе Чарли мен жас Ирэннің махаббат хикаясы баяндалады. Қос ғашық әлеуметтік теңсіздік пен қыздың дәулетті әкесінің қарсылығына қарамастан, бірге болуға ұмтылады. Қойылымда күлкілі көріністер драмалық оқиғалармен алмасып отырады.

Басты партияларды Д.Зайдин мен Ш.Әдепхан орындады. Жобаның дайындығына балет труппасының көркемдік жетекшісі А.Асылмұратова жетекшілік етті. Сахналық безендіруді А.Капустина мен Н.Шахматова әзірлеп, костюмдерді сәнгер И.Чапурин жасаған.

Қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, спектакль соныңда көпшілік әртістерге қошемет көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.