Ақылды каскалар: Алматының электр желілерінде экшн-камералар енгізілді

2024 жылы пилоттық жоба аясында алғашқы экшн-камераларды пайдалана бастады. Бүгінде олардың жалпы саны 268-ге дейін жетті.

Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілерінде жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында экшн-камераларды енгізуде.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр желілері аудандарының (ЭТА) барлық жедел-көшпелі бригадалары ақылды каскалармен жабдықталған. Шеберлер бригадаларын жабдықтау жұмыстары жалғасуда.

Камералар қауіпсіздік талаптарының сақталуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. ЭТА басшылары, диспетчерлер және еңбекті қорғау мамандары ықтимал қауіп-қатерлерді жедел анықтап, қажет болған жағдайда жұмыстарды тоқтатуды талап ете алады. Сонымен қатар бейнежазбалар тұрақты түрде талданып, анықталған бұзушылықтар бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және қосымша нұсқамалар беріледі.

Экшн-камераларды енгізу еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге, қауіпті жағдайларды уақтылы анықтауға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдауға көмектеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.