Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзіне сын айтқан оқырмандарына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Желі қолданушылары тележүргізушінің анасын жиі жанына ертіп жүргеніне қатысты түрлі пікір білдірген.
Ләйлә Сұлтанқызы анасымен өткізген әрбір сәтті бағалап, естен кетпес сыйлауға тырысатынын айтты.
«Кейбіреуіңіз “шешесін тастамайтын болыпты” деп сөгіп жатсыздар. Мен жәй естеліксіз қалуға қорқамын. Төрт баланы жеткізген, ерте жесір қалған, өз заманының қиындығын көре жүріп, осы күнге жеткен анаға бәрі жарасады, меніңше», – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.