Алматы облысында төтенше жағдай режимін бұзған адамдар қамауға алынды.
Алматы облысында осындай ереже бұзушылықтар үшін 28 адам қамауға алынды, 7 адамға әкімшілік айыппұл салынды, 1 адамға ескерту жасалды. "Осы шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілгенін еске саламыз, осыған байланысты тұрғындарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.