Синоптиктер ескертеді: Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, үсік жүреді

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Алайда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Түнде еліміздің шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Түнде және таңертең ел аумағының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы, Қызылорда облыстарында және Жетісу облысында ауа температурасы -1...-7 °C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа райы:
Астана: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4 °C, күндіз +5...+7 °C.
Алматы: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +16...+18 °C.

ТЖМ ескертеді: жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріңіздер, жол қозғалысы жылдамдығын сақтаңыздар, тұман кезінде аса мұқият болыңыздар және ауа райының өзгеруіне назар аударыңыздар.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:

Астана қ.: 03 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы қ.: 03 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 03-04 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

03 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

  03 қарашада түнде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңерең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

  03 қарашада Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

  Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 03 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

  03 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының  таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 2-7 градус үсік күтіледі. 03-04 қарашада облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 03-04 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңүстік-шығыстан соғатын жел солүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03-05 қарашада түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с.

  03 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

  03 қарашада Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

  03 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 қарашада Ұлытау облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

03 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  03 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

  03 қарашада Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  03 қарашада Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.