Қатар астанасы Доха қаласында нысана көздеу мен стенд атудан ISSF әлем чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған әлем чемпионаты Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестірілетін алғашқы іріктеу кезеңі саналады. Жарыс барысында 12 жекелей сындағы дисциплина бойынша жалпы саны 36 олимпиадалық лицензия сарапқа салынады. Әр дисциплинада үш жолдама беріледі.
Ертең, 3 қарашада, отандастарымыз әлем чемпионатындағы жүлделер үшін күресті бастайды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер мен ерлер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен ату сайысының финалдары өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.