Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Әсіресе, мұнай-газ химиясы саласының өңір экономикасындағы стратегиялық маңызына назар аударылды.

«Әділет» партиясынан Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында  Kazakhstan Petrochemical Industries ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, мұнай-газ химиясы саласының даму келешегі мен партияның Атырау облысы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдымен жиында кандидаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіптің әлеуетін арттыру, терең өңдеу өндірістерін дамыту және еңбек адамының мәртебесін көтеру мәселелеріне айрықша назар аударылғанын атап айтты.  Кездесуде осы стратегиялық міндеттердің маңыздылығы, өңірдегі индустриялық даму, жаңа жұмыс орындарын құру, отандық өндірісті қолдау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері айтылды.

Кандидаттар партияның Атырау облысы бойынша 2031 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында көзделген әлеуметтік-экономикалық бастамаларға тоқталып, аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жоспарларды таныстырды.

Әсіресе, мұнай-газ химиясы саласының өңір экономикасындағы стратегиялық маңызына назар аударылды.

Кездесуде кандидат Олег Шмаль өндіріс саласының дамуы мен еңбек адамына көрсетілетін қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

– Қуатты экономика ең алдымен қуатты өндірістен бастау алады. Ал өндірістің басты капиталы – оның адамдары. Еңбек адамының қауіпсіздігі, кәсіби дамуы мен әлеуметтік қорғалуы әрдайым назарда болуы тиіс. Мұнай-газ химиясы – Атыраудың ғана емес, тұтас ел экономикасының келешегіне ықпал ететін стратегиялық сала. Сондықтан өндірісті өркендету мен еңбек адамының әл-ауқатын арттыру өзара сабақтас міндеттер, – деді Олег Шмаль.

Кездесу соңында еңбек ұжымының өкілдері өндірістік инфрақұрылым, мамандардың кәсіби даярлығы, әлеуметтік кепілдіктер және өңірдің экономикалық дамуына қатысты мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Мурзагалиев Б.Т.

Атырау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.