Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы денсаулығы сыр беріп, ауырып қалғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Айман Талғатқызының айтуынша, Қарағандыға барған кезде өзімен бірге жүрген әріптестерінің басым бөлігі ауырып қалған. Олардың дене қызуы көтеріліп, тұмауға ұқсас белгілер байқалған.
– Қарағандыға келіп, барлығымыз командамен ауырып қалдық. Вирус бір-бірімізден жұқты ма, білмеймін. Бүгін құладық. Түнімен ұйықтай алмадық. Мұрын, тамақ, температура… Біттік. Бір кісіден басқамыз құладық. Бірақ жұмыс тоқтамайды, – деді ол.
Денсаулығы сыр бергеніне қарамастан, Айман Талғатқызы жұмысын жалғастырып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ жағдайын әзілге айналдырып, оқырмандарына ауырмауды тіледі.
– Ауырғанның бір пайдасы – арықтап, еркелеп қаласың ғой, иә? Бірақ ауырмаңыздар, – деп жазды ол.