Танымал әртіс, продюсер Дариға Бадықова кейінгі уақытта өмірге деген көзқарасы өзгергенін айтып, көпшілікке арнап жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұрын айналасындағы адамдардың пікіріне көп мән беріп, барлығына түсінікті болуға тырысқанын жеткізді. Оның сөзінше, өмірлік тәжірибесі мен басынан өткерген жағдайлар өзіне деген көзқарасын қайта қарауға ықпал еткен.
– Дариға неге өзгерді? Өйткені Дариға көп нәрсені түсінді. Көп нәрсені жүрегінен өткізді. Бұрын бәріне алаңдайтын, бәріне түсінікті болуға тырысатын… Барлық өзгеріске дайынмын! Уақыт – даналық! – деп жазды актриса.
Дариға Бадықованың жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Оқырмандардың бір бөлігі оның сырт келбетіндегі өзгерістерді атап өтіп, жылы лебізін білдірген. Кейбірі әртістің өміріндегі өзгерістерді Олжас Абаймен байланыстырып, түрлі болжам жасаған.
Дегенмен Дариға Бадықова жазбасында өзгерісіне нақты бір адамның ықпал еткенін айтпаған. Ол ең алдымен өмірден түйген ойлары мен алдағы өзгерістерге дайын екенін жеткізген.