Әнші Айдана Меденова "Мамский әңгіме" подкастына берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі желіде өзі туралы тараған «Күйеуімен ажырасты» деген қауесетті жоққа шығарды. Бірақ өмірінде біраз өзгеріс болғанын жасырмады.
"Адамдар айта береді. Ең бастысы үйдегі атмосфера. Ондай нәрсе болған емес, болмайды деп үміттенемін. Айналамызда түрлі жағдай болады. Кейбір адамдармен мүлде араласпаймыз қазір. Менің жанымда үнемі болған тек күйеуім. Біз қайда барсақ та, біргеміз. Құдай сақтасын ажырасудан. Қазір әлеуметтік желіде ақпарат тарата салу оңай. Бірақ ол ақпараттың рас-өтірігін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Расталған ақпаратқа сену керек деп ойлаймын. Өзім туралы жаңалықтарды ресми түрде жариялаймын парақшамда. Бірақ қазір әлеуметтік желіде белсенді емеспін", - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.