«Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды

Өнер иесі кейінгі кезде көп нәрсені түсініп, көзқарасы өзгергенін айтты.

Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі кейінгі кезде көп нәрсені түсініп, көзқарасы өзгергенін, енді барлық өзгеріске дайын екенін айтты.

«Дариға неге өзгерді? Өйткені Дариға көп нәрсені түсінді. Көп нәрсені жүрегінен өткізді. Бұрын бәріне алаңдайтын, бәріне түсінікті болуға тырысатын. Барлық өзгеріске дайынмын! Уақыт – даналық», - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары бұл жазбаға бейжай қарамады. Олар актриса артық салмақтан арылып, сымбатты бола түскенін айтып жатыр.

«Жасарып келеді, көзіндегі отын айтшы. Жаным, бақытты болыңыз Дариға әпке», «Күннен-күнге сұлуланып жатырсыз», «Жанарыңызда от пайда болыпты», «Жас жігітке шығып, арықтапты», «Дариға өте қатты жақсы көретін сияқты», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.