Қазгидромет 4 қарашадағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, күн жылы болады. Тек елдің батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда нөсер жаңбыр болуы мүмкін.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оның ішінде таулы аудандарда түнде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, республика аумағының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыста жел күшейеді.
Жетісу облысында, Алматы және Қызылорда облыстарының солтүстігінде 2-7 градусқа дейін үсік жүреді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.