Жаңа заң ветеринарлардың жалақысын көбейтуге мүмкіндік береді

Астанада Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысы өтіп жатыр.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы Құрылтайдың Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Серік Егізбаев баяндама жасады. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында ветеринарлардың жалақысын көтеру, әлеуметтік мәселесін шешу туралы қамтылған. 

«Ауылды жерге ветеринар мамандардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалады. Атап айтқанда, мамандардың ғылыми дәрежесіне қарай 220 мың теңгеден 420 мың теңгеге дейін жоғарылатуды ұсынып отыр. Сонымен қатар жыл сайынға еңбек демалысына шықққан кезде медициналық төлем көлемін екі айлық жалақы көлеміне көтеруді де ұсынып отыр. Сондай-ақ ветеринарларға арнайы киіммен (қыстық, жаздық – ред.) қамту мәселесі де оң шешімін табады», – деді Құрылтай депутаты Серік Егізбаев. 

Құрылтайдың Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасының айтуынша, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және ветеринариялық ұйымдардың функцияларын нақтылау керек. 

Атап айтқанда:

– жергілікті атқарушы органдарға қан алу жүйелерін сатып алу функциялары бекітіледі; 

жергілікті атқарушы органдарға қан алу жүйелерін сатып алу функциялары бекітіледі; 

– Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ ветеринариялық препараттардың айналымына байланысты қызметтердің толық кешенін, сондай-ақ алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу функцияларын жүзеге асыратын болады; 

– Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қарауында эпизоотиялық ошақтарды тексеру; ветеринария саласында лицензиялар мен рұқсаттарды беру; 

– Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық ветеринариялық препараттарды өндіру саласындағы сараптамалық қызметті жүзеге асыратын болады; 

– сондай-ақ жергілікті деңгейде құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринариялық іс-шараларды орындау, патологиялық материалдардан сынамалар алу және басқа да функциялары нақтыланады. 

Сонымен қатар ветеринария мамандығының, әсіресе ауылдық жерлерде, тартымдылығының жеткіліксіздігі кадр тапшылығына, жұмыс істеп жүрген мамандарға түсетін жүктеменің артуына және ветеринариялық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуіне кері әсерін тигізуде.

Осы мәселелерді шешу мақсатында заң жобасында ветеринария мамандарын әлеуметтік және кәсіби қолдау шараларын едәуір жақсарту көзделеді.

Атап айтқанда, ветеринария мамандарына:

– кемінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу кепілдіктері; 

– ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақылар: ғылым кандидатына – айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторына – негізгі жұмыс орны бойынша айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы төлеу;

– арнайы киіммен қамтамасыз ету көзделеді.