Атырауда жаңа бақ

Атырауда жаңа бақ

Атырау қаласындағы Жеңіс саябағы аума­ғында жаңа бақ ашу жоспарланған. Онда 750 түп жеміс ағашы егіледі. Көшеттерді «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС егеді. Мекеме басшысы Владимир Розметов: «Жаңа бақ Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің ұсынысымен ашылғалы отыр» деді. Онда тамшылатып суару технологиясы қолда­ны­лады. Осыған орай, Атырау қалалық әкімдігі Жеңіс саябағынан 0,5 гектар жер учаскесін бөлген. «Жеңіс саябағы аумағында өсірілетін жеміс ағаштарының арасында алма мен өріктің, шиенің бірнеше түрі бар. Көшетегуден бастап ал­ғашқы жемісін бергенге дейінгі 3 жылда атқарылатын жұмыстарды өз міндетімізге алып отырмыз. Содан соң тиісті мекеменің теңгеріміне беріледі», – дейді Владимир Розметов.  

Ә.БЕК