Қазақстанда еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкер пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы алуға құқылы, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, қызметкер демалыс күндерін толық пайдаланбаған болса, жұмыс беруші сол күндер үшін ақшалай өтемақы төлеуге міндетті. Бұл талап еңбек шартының тоқтатылу себебіне қарамастан қолданылады. Өтемақы мөлшері қызметкердің пайдаланылмаған демалыс күндері мен орташа жалақысы негізінде есептеледі.
Сондай-ақ Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкерге тиесілі барлық төлем үш жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс. Егер жұмыс беруші тиісті ақшаны төлемесе, азамат еңбек инспекциясына немесе сотқа жүгіне алады.