Үйінде беташар ұйымдастырған облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны жауапқа тартылды. Ол бес тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тараз қаласы ПБ бастығы Мамытбековтың айтуынша, беташар жүргізген тамадамен полиция қызметкерлері әңгімелесіп, ТЖ режимінде осындай жағдай қайталанбауын ескерткен. https://www.youtube.com/watch?v=GqrRxA0dY6w&feature=emb_logo Жамбыл облысының полиция департаменті төтенше жағдай кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын елемейтін және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын төтенше жағдай кезінде жұмыс режимін бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді. Төтенше жағдай режимін енгізу басталғаннан бері облыс бойынша полиция қызметкерлері ТЖ ережелерінің талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама жасады. Оның ішінде сегіз адамға айыппұл салынып, екеуі ескерту беріліп, бес адамға әкімшілік жаза қолданылған. Әрбір тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы(төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.