Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде үйге қамшы іліп қоюға қатысты пікірін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, қамшы ер азаматтың айбары мен шаңырақтың қорғанын білдіретін қасиетті бұйым. Оны қазір дұрыс түсінбей жүргендер бар.
«Жақында әлеуметтік желіден “Үйде қамшы әйелді ұру үшін ілініп тұруы керек” деген кейбір дүмшелердің сөзін көзім шалып, жүрегім ауырды... Жоқ, олай емес! Қазақ ешқашан қамшыны әйелге қару етпеген! Қамшы – ер азаматтың айбары, жамандық пен жын-періні маңайлатпайтын қасиетті туы. Қазақ қамшыны төрге тегін ілмеген. Ол тыныштықтың, тіректің, әділдіктің символы. Ал әйел сол шаңырақтың гүлі, берекесі, Құдайдың ер азаматқа аманат еткен ең нәзік жанұясы. Еркектің мықтылығы әйелге күш көрсетуінде емес, оны қорғап, алақанында аялауында! Қамшы әйелді жасқанту үшін емес, шаңырақты жамандықтан қорғау үшін ілінеді» – деді актриса.
Өнер иесінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.