Елена Рыбакинаның топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды

Жеребе қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы бірінші топқа түсті.

8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жеребе қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы бірінші топқа түсті. Бұл топта ол америкалық Кори Гауфф және Джессика Пегуламен, сондай-ақ чехиялық Линда Носковамен кездеседі.

Екінші топқа Беларусь өкілі Арина Соболенко, ресейлік Мирра Андреева, украиналық Элина Свитолина және чехиялық Каролина Мухова кірді.

Топтық кезеңде әр теннисші үш кездесу өткізеді. Әр топтан үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Елена Рыбакина – WTA қорытынды турнирінің қазіргі чемпионы. Былтыр қазақстандық теннисші финалда Арина Соболенконы жеңіп, бас жүлдеге ие болған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.