«Қазақ аруы – 2026» сұлулық байқауының жеңімпазы белгілі болды

Байқау Алматыда қаласында өтті.

"Қазақ аруы – 2026" сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Байқау Алматыда қаласында өтті. Биыл ұлттық байқауда еліміздің әр өңірінен келген 22 ару бақ сынады. Байқауды продюсер Баян Алагөзованың продюсерлік орталығы ұйымдастырған.

Жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталды. Биыл бас жүлде 20 жастағы алматылық Асылым Өтепбергенге бұйырды. 

Ол көрерменнің дауыс беру қорытындысы бойынша 17 164 дауыс жинап, қарсыластарынан алда болды.

Екінші орынды 10 480 дауыс жинаған, Қостанай қаласының атынан қатысқан Әйгерім Қайпен иеленді. 

Үшінші орынды 4 499 дауысқа ие болған Шымкент тумасы Сымбат Әбубәкір алды.

Бас жүлде иесіне дизайнер Аида Кауменованың сән үйінде арнайы тігілген шапан сыйға тартылып, шетелге саяхатқа жолдама берілді.

Айта кетейік, биыл байқау қазақ киносының аңызы Меруерт Өтекешоваға және ұлттық кино өнерінің жауһары «Қыз Жібек» фильміне арналды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.