Бокстан ел чемпионатында алғашқы финалистер анықталды

Ел біріншілігінде әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.

Таразда бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ел біріншілігінде әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.

Нәтижесінде Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Анита Адишева (51 келі), Жансая Рахымберді (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Элина Базарова (54 келі), Шахназ Исаева (57 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Анар Тұрсынбек  (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Лаура Есенгелді (65 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Аружан Жаңабаева (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі), Азиза Исина (75 келі), Надежда Рябец (80 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі), Елдана Талипова (80 келіден жоғары), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) финалға жолдама алды.

Ал Айым Танкибаева (48 келі), Анель Құдайберген (48 келі), Елянур Тұрғанова (51 келі), Томирис Мырзакул (51 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Алина Құдайгенова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аяжан Ермек (60 келі), Назерке Серік (65 келі), Ақнәр Ишанова (65 келі), Анастасия Баязитова (70 келі), Дана Дидай (70 келі), Жібек Жарасқызы (75 келі), Жасмин Қизатова (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі), Құралай Егінбайқызы (80 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары), Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, ертең ерлер арасында жартылай финалдық бәсекелер өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.