Еңбек нарығы ескерусіз қалмайды

Еңбек нарығындағы сұраныс пен жұмыс берушілердің талаптары өзгерген сайын азаматтардың кәсіби біліктілігін арттыру, жаңа мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік жасау және тұрақты жұмыспен қамту мәселесі өзектілігін жоғалтпайды.

Бұл ретте кәсіптік оқыту – жұмыссыздықты азайтуға ғана емес, еңбек ресурстарының сапасын арттыруға, азаматтардың экономикалық белсенділігін күшейтуге бағытталған маңызды тетік. Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес биыл осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп, Еңбек мобильділігі орталығы арқылы 610 жұмыссыз азамат кәсіптік оқытуға жолданған.

Оның ішінде 450 азамат білім беру ұйым­дарын­да, ал 160 адам тікелей жұмыс орындарында кәсіби даяр­лықтан өтуге мүмкіндік алды. Мұндай тәсілдің маңызы зор. Өйткені білім беру ұйымдарындағы оқы­ту азаматтарға теориялық білім мен қажетті кә­сіби дағдыларды меңгеруге жағдай жасаса, жұ­мыс орнында оқыту өндірістік үдерістермен таны­сып, нақты кәсіптің қыр-сырын тәжірибе жүзінде үй­ренуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, оқыту маз­мұны еңбек нарығының талабына сай ұйым­дастырылып, азаматтардың кейін жұмысқа орна­ласуы­на жол ашуы қажет.

Кәсіптік даярлықты жұмыс берушілердің сұра­ны­сымен ұштастыру бағытында «Алем-БТ» ЖШС және Balabi Textile ЖШС кәсіпорындарымен де жұ­мыс жүргізілуде. Аталған кәсіпорындарда 70 аза­матты «Тоқу машинасының операторы» маман­ды­ғы бойынша оқыту жоспарланған. Бұл – өн­дірістік кәсіпорындарға қажетті мамандар даяр­лау­ға және азаматтардың нақты кәсіп игеруіне ба­ғыт­талған қадам. Әсіресе тоқыма өндірісі сияқты ар­найы дағдыларды талап ететін салаларда тео­рия­лық біліммен қатар тәжірибелік машықтың болуы маңызды.

Шымкент қаласының индустриялық аймағын­да орналасқан «Алем-БТ» және Balabi Textile т­о­қыма фабрикаларында бүгінде 400-ге жуық азамат ең­бек етеді. Кәсіпорындар білікті мамандарға де­ген сұранысты өтеу мақсатында Еңбек мобильділігі орта­лығымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарды кә­сі­би даярлау және тұрақты жұмыспен қамту ба­ғы­тында жұмыс жүргізіп келеді. «Әлем» оқу ор­та­лығының директоры Ғалымжан Кибатов Шым­кент қаласының Еңбек мобильділігі орталығының басшылығына қолдау көрсетіп, өзара тиімді ын­тымақтастық орнатқаны үшін ризашылығын біл­дірді. Оның айтуынша, орталықтың көмегімен кә­сіптік оқыту орталықтары ашылып, жыл сайын 50-ге жуық азаматты оқыту арқылы жұмыспен қам­туға мүмкіндік жасалған.

– Жұмыссыз азаматтарды өз мекемемізде бір ай теориялық білім алып, екі ай өндірістік тәжіри­беден өтетіндей етіп оқытамыз. Қала шетіндегі индустриялық аймақта орналасқан кәсіпорындарға қа­тынауы үшін олардың жол мәселесін де ұйым­дас­тырамыз. Оқу барысында азаматтар үш ай бойы стипендия алады. Курсты аяқтаған соң меңгерген ма­мандығы бойынша сертификат беріледі. Қазір фаб­рикаларымызда 500-ден астам автомат­тан­ды­рылған технологиялық жабдық бар. Оларды тиімді басқара алатын білікті мамандарды Еңбек моби­ль­­ділігі орталығымен бірлесіп даярлап жатыр­мыз. Бү­­гінде оқу орталығында 60-қа жуық азамат бі­лім алу­да. Оқу аяқталғаннан кейін оларды тиісті жұ­мыс орын­дарына орналастыруды жос­парлап отыр­мыз, – дейді Ғалымжан Кибатов.

Осы жылдың қазан айында 47 азамат кәсіптік оқу курсын толық аяқтап, тиісті сертификаттарын алды. Ал 19 адам түрлі себептерге байланысты оқу­дан шығарылды. Қазіргі уақытта оқуын аяқтаған 47 азаматты жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жұ­мыстар жүргізілуде. Тағы 4 азамат кәсіптік оқ­уын жалғастырып жатыр. Бұл көрсеткіштер кәсіп­тік оқыту жұмысының бірнеше кезеңнен тұраты­нын аңғартады. Азаматтарды оқуға бағыттау, қа­жетті дағдыларды меңгерту, оқу нәтижесін растау жә­не алған біліктілігіне сәйкес жұмысқа орна­лас­тыру. Сондықтан оқуды аяқтаған азаматтардың ең­­бек нарығына сәтті бейімделуі де атқарылып жат­қан жұмыстың маңызды нәтижесі болмақ.

Жалпы, кәсіптік оқытудың тиімділігі тек курс­тан өткен адамдардың санымен өлшенбеуі керек. Оның негізгі нәтижесі азаматтардың тұрақты жұ­мыс­қа орналасуы, кәсіби біліктілігін іс жүзінде қол­дануы және табыс табуға мүмкіндік алуы. Осы тұр­ғыдан алғанда, жұмыс берушілермен бірлесіп ма­ман даярлау, оқыту бағдарламаларын нақты өн­дірістік қажеттіліктерге сәйкестендіру және курсты аяқ­таған азаматтарды жұмысқа орналастыру бары­сын бақылау ерекше маңызға ие. Бұған қоса, кә­сіптік оқытуға қатысушылардың оқуын аяқтауына ке­дергі келтіретін себептерді талдау да қажет. Бұл аза­маттардың оқуын жалғастыруына қолдау көр­сетуге, оқыту бағытын дұрыс таңдауға және бағ­дар­ламалардың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік бере­ді. Ал жұмыс берушілер үшін мұндай жүйе бос жұ­мыс орындарына сырттан маман іздеуге кететін уа­қытты қысқартып, кәсіпорынның талабына сай кадр даярлауға жағдай жасайды.

Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан кәсіптік оқыту шаралары жұмыссыз азаматтардың еңбек нарығына қайта қосылуына, сұранысқа ие ма­мандықтарды игеруіне және кәсіби мүмкін­дік­терін кеңейтуіне бағытталған. Алдағы кезеңдегі бас­ты міндет – оқуға жолданған азаматтардың ал­ған білімін нақты жұмыспен ұштастырып, олар­дың тұрақты еңбекпен қамтылуына қол жеткізу. Өйт­кені әрбір азаматтың кәсіби әлеуетін іске асы­руы – жеке әл-ауқатының ғана емес, қаланың эко­но­микалық дамуының да маңызды шарты.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы