«Тойдың алдында ұрысып қалдық»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы туралы айтты

Актердің айтуынша, екеуі той алдында сөзге келіп, араларында түсініспеушілік болған. Сол кезде ол қарым-қатынастың өзі үшін қаншалықты маңызды екенін түсінген.

Актер Олжас Абай Аман Тасығанға берген сұхбатында Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынасы және үйлену туралы шешімге қалай келгені жөнінде әңгімеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Актердің айтуынша, екеуі той алдында сөзге келіп, араларында түсініспеушілік болған. Сол кезде ол қарым-қатынастың өзі үшін қаншалықты маңызды екенін түсінген.

«Той болардың алдында ұрысып қалдық. Қой дедім, енді неде болса да талай аттан құлағанбыз, әрі қарай да кете бересің ғой. Баяғы замандағыдай көрпе жамылып, аспанға қарап жататын уақыт жоқ. Қайғырып, мұңайып жататын уақыт жоқ. «Айналайын, жаттығуымды істейін, тірлігіме кірісейін» дедім. Аллаға шүкір, қазір жағдай да бар, бәрі жақсы. Құдайға тәубе, көлігім де бар. Халықтың қошеметі бар, атақ-абыройың бар. Әдемі тірлігіңді істеп кете берсең болады негізі. Ештеңе орнынан қозғалмай қалды ғой. Адам да, ғалам да қызық емес болып қалды. Сол кезде «менің адамым ба?» дегенді түсінген шығармын. Сол кезде сигнал келді. «Қой, онда шешіп, той қылайық» дедім«, – деді Олжас Абай.

Оның сөзінше, осы жағдайдан кейін ол қарым-қатынасты жалғастырып, той жасау туралы шешім қабылдаған.