Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының өкілі қашықтықты 28,85 секундта жүзіп өтіп, сегіз спортшының арасында жетінші орынға ие болды.

Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуден финалда бақ сынадым, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының өкілі қашықтықты 28,85 секундта жүзіп өтіп, сегіз спортшының арасында жетінші орынға ие болды.

Қытай спортшысы Се Ичэнь жеңімпаз атанды. Ол 28,13 секундта мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Иори Миядзаки (28,42) иеленсе, үздік үштікті Беларусь өкілі Максим Машлякевич (28,46) түйіндеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.