"Қазгидромет" азаматтарға сақ болуды ескертті

Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 6 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жауын-шашын, көктайғақ Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында күтіледі.

Қатты жел Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында күтіледі.

Тұман түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында күтіледі.

Аяз Алматы облысы мен Жетісу облысында болжанады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.