Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы әлемдік деңгейде мойындалды.

Қазақстан ұсынған екі номинация ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне енгізілді. Бұл шешім 2026 жылғы 5 қарашада Джакартада өткен бағдарламаның Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының (MOWCAP) отырысында қабылданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізілімге «Есік жазуы: Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руна жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдары жинағы» енді.

Қос мұра тізілімге енгізілуі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының халықаралық деңгейде мойындалғанын айғақтайды. Өз кезегінде бұл еліміздің мұрасын шетелде кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.