Құрылысқа бөлінген қаражат пен оның сапасын қоғам бақылауға алуы керек – Үнзила Шапақ

Құрылтай депутаттары өңірлерді аралап, еңбек адамдарымен кездесті. «Әділет» фракциясының мүшелері Саран қаласындағы Tengri Tyres кәсіпорны мен Теміртаудағы Qarmet комбинатының жұмысшыларымен кездесті.

Кездесуге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы арқау болды.  Tengri Tyres зауытында Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Құрылтай депутаттары, «Әділет» фракциясының мүшелері – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Александр Данилов пен Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі Айсұлу Сүлеймен еңбек ұжымымен кездесті. Ал Qarmet еңбек ұжымымен тілдесуге ҚР Құрылтай депутаттары, «Әділет» фракциясының мүшелері – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ пен Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің мүшесі Вадим Басин қатысты. Өндіріс цехтарында салынып жатқан нысандар таныстырылды. Депутаттар Президент Жолдауында белгіленген міндеттердің кәсіпорындардың дамуы мен жергілікті тұрғындардың өміріне ықпалын талқылады. 

Азаматтық кодекске жекелеген түзетулерді енгізбей, оны кешенді түрде өзгерту қажет – Үнзила Шапақ

«ӘDILETTIҢ 111+ шешімі» арнайы жобасында Құрылтай депутаты Үнзила Шапақ Qarmet ұжымының өтінішін жеткізетіні айтты. Құрылысқа бөлінген қаражаттың жұмсалуы мен орындалып жатқан жұмыстардың сапасын депутаттар және қоғам бақылауға алуы керек. Сонымен қатар цифрландыру процесінің кезең-кезеңімен оңтайлы жүзеге асуына да атсалысуы керек. 

«Мемлекет басшысы жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл кодекс өзінің тарихи миссиясын толық орындады. Осыған байланысты экномикалық, технологиялық өзгерістер ескере отырып Үкімет пен Құрылтай депутаттарына жаңа кодекс әзірлеу керектігі айтылды. Аталған заңнама құжатқа жекелеген түзетулерді енгізбей, оны кешенді түрде өзгертуді көздеп отыр. Негізгі мақсат – азаматтар мен бизнестің құқығын қорғап, цифрлық экономиканың дамуының берік құқықтық негізін қалыптастыру», – деді Құрылтай депутаты Үнзила Шапақ. 

«ӘDILETTIҢ 111+ шешімі» арнайы жобасының толық шығарылымын Astana TV-ның YouТube арнасынан көре аласыздар: 

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ДЕПУТАТТАР ӨНДІРІС ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ / ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ