Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әйелдерге арналған киімдер шығарып, жеке кәсібін дамытып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында TADDS брендімен әзірленген жаңа киім топтамасын таныстырды. Айман Талғатқызы бұйымдарды өзі киіп көрсетіп, олардың ерекшеліктеріне тоқталған.
Жаңа топтамада әйелдерге арналған екі бөліктен тұратын киім жиынтықтары ұсынылған. Кәсіпкердің айтуынша, бұйымдар жеке тігін өндірісінде дайындалады. Киім тігуде матаның сапасына, тігістің ұқыптылығына және әр бөлшектің өңделуіне ерекше мән берілген.
Айман Талғатқызы жаңа өнімдерін оқырмандарына таныстырып, жеке кәсібіндегі жаңалықтарын бөлісті.