Шетелдегі үздік қазақ журналистері анықталды

Шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың үздіктерін іріктейтін «Отандастар медиа сыйлығының» жеңімпаздары анықталды. «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырған байқау ұлт ұстазы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жыл мерейтойына орайластырылып отыр.

Аталған сыйлық шетелдегі қазақ­тіл­ді БАҚ пен журналистердің еңбегін ба­ғалау, ана тіліндегі ақпарат кеңіс­ті­гін нығайту және Қазақстан мен диас­пора арасындағы байланысты кү­шейту мақсатын көздейді. Оған Қа­зақстан азаматы емес, шетелдегі БАҚ-та ресми жұмыс істейтін қазақ жур­налистері мен шетелде тіркелген қазақтілді басылымдар қатысады. 

Бұл жолғы байқауға «Үздік БАҚ», «Үз­дік журналист», «Үздік жас жур­на­лист» номинациялары бойынша он­лайн форматта 20-ға жуық өтініш түскен. Ал жұмыстарды Turkistan, Aiqyn, Egemen Qazaqstan, Astana Aqsha­my және «Медиа дамыту қоры» КҚ өкілдерінен құралған қазылар ал­қасы 30 қазандағы отырысында ба­­ға­лады. Бағалау кезінде үміткер­лер­дің тәжірибесі, шығармашылық ше­бер­лігі, тұрақтылығы және аудито­рия­­ға ықпалы ескерілді.

Қазылар алқасының шешімімен Баян-Өлгий аймақтық Бұқаралық қа­зақ радиосы (Моңғолия) «Үздік БАҚ» номинациясында топ жарды. Бұған дейін 60 жылдық тарихы бар ра­дио 2025 жылы «Баян-Өлгий ай­ма­ғының үздік мекемесі» сыйлығына ие болған. «Үздік журналист» жүлдесі Баян-Өлгий аймағындағы қазақ ті­лінде хабар тарататын «Дербес» те­леар­насының журналисі Жұлдыз Жұ­мағұлқызына бұйырды. Ал өз­бек­стандық Бекболат Мұхтаров «Үздік жас журналист» атанды. Еңбек жолын 2021 жылы «Нұрлы жол» газетінде тіл­ші болып бастаған ол 2024 жылы «Ұлт.kz» ақпараттық порталында еңбек еткен. Биылғы ақпаннан бері қай­тадан «Нұрлы жол» газетінің тіл­шісі қызметіне оралған.

Жеңімпаздар 13-16 қараша Шым­кент және Түркістан қалаларында өте­тін «Киелі Қазақстан» жобасы ба­­­ры­сында марапатталып, әр но­ми­нация жеңімпазына бағалы сыйлық табысталады.