Астанада жеке сот орындаушы зейнеткерді өз үйінен күштеп шығармақ болған

Елорда тұрғыны Айдос Балтаевтың айтуынша, мәселе осыдан сегіз жыл бұрын басталған. Сол кезде ол кәсібін дамыту үшін инвестор іздеп, қаржылай қолдау көрсетуге келіскен азаматпен келісімшарт жасасқан. Құжатта кәсіпкерге 10 миллион теңге берілгені көрсетілгенімен, Балтаев ақшаны алмағанын айтады. Кейін инвестор пәтерді босатуды талап етіп, сотқа жүгінген.

Астанада сегіз жылдан бері баспанасы үшін күресіп жүрген отбасы зейнеткерді пәтерден күштеп шығармақ болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Даулы іске Құрылтай депутаттары араласқан.

Елорда тұрғыны Айдос Балтаевтың айтуынша, мәселе осыдан сегіз жыл бұрын басталған. Сол кезде ол кәсібін дамыту үшін инвестор іздеп, қаржылай қолдау көрсетуге келіскен азаматпен келісімшарт жасасқан. Құжатта кәсіпкерге 10 миллион теңге берілгені көрсетілгенімен, Балтаев ақшаны алмағанын айтады. Кейін инвестор пәтерді босатуды талап етіп, сотқа жүгінген.

Осылайша, отбасы ұзақ жылдарға созылған баспана дауына тап болған. Айдос Балтаев жеке сот орындаушыларының әрекетіне де наразы. Оның сөзінше, пәтер нарықтағы бағасынан үш есе арзан бағаланып, аукционға шығарылған.

«Жеке сот орындаушылар пәтерді нарықтағы бағадан 3 есе төмен бағалап, саудаға қойған. Екіншіден, аукцион заңсыз өтті. Себебі, аукционға тек бір ғана сатып алушы қатысып, сатылыпты. Заң бойынша жалғыз адам қатысса, аукцион ойнатылмайды», – дейді Айдос Балтаев.

Оның айтуынша, сот орындаушылары отбасы мүшелерін пәтерден мәжбүрлеп шығаруға әрекет жасаған. Тіпті есікті бұзып кіруге талпынған кездері де болыпты. Ал баспанада оның зейнеткер анасы тұрады.

Амалын таппаған отбасы e-Otinish жүйесі арқылы шағым жолдаған. Өтінішке Құрылтай депутаттары Илья Теренченко мен Снежанна Имашева назар аударып, мәселенің шешілуіне араласқан. Құрылтай депутаты Илья Теренченконың айтуынша, зейнеткерді баспанадан шығару уақытша тоқтатылды. Бұл шешім егде жастағы әйелдің жылыту маусымында далада қалмауына мүмкіндік береді.

Қазір Балтаевтар отбасы пәтерде тұрып жатыр. Олар жылыту маусымы аяқталғанға дейін баспанаға қатысты құқықтарын сот арқылы дәлелдеуге ниетті. Айта кетейік, келісімшарт пен аукционға қатысты заңбұзушылықтар туралы мәліметтер әзірге Айдос Балтаевтың сөзіне негізделген. Екінші тараптың ұстанымы жарияланған материалда келтірілмеген.