АҚШ Украинаға 15 млрд доллар көлемінде әскери көмек бөлуді жоспарлап отыр

АҚШ Конгресіндегі демократтар Украинаға 15 млрд доллар көлемінде әскери көмек бөлуді жоспарлап отыр

АҚШ-та өткен аралық сайлауда демократтар Конгрестің қос палатасында басымдыққа ие болды. Енді олар Украинаға әскери көмекті арттырып, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Aikyn.kz Financial Times басылымына сілтеме жасап.

 Демократтар Киевке шамамен 15 миллиард доллар көлемінде жаңа әскери көмек пакетін әзірлеуде.

Сондай-ақ Украинаға әуе қорғанысы жүйелеріне қажетті зымырандар жеткізу, энергетикалық инфрақұрылымды қорғау және барлау саласындағы қолдауды күшейту мәселелері қарастырылып жатыр. Демократтар Ресейдің қорғаныс және энергетика секторларына қарсы санкцияларды қатаңдатуды жоспарлап отыр.

Алайда АҚШ Президенті Дональд Трамптың заңдарға вето қою құқығы сақталады. Оны еңсеру үшін демократтарға республикашылдардың да қолдауы қажет.

Жаңа Конгресс 2027 жылдың қаңтарында жұмысқа кіріседі. Сондықтан Украинаға қосымша көмектің қашан және қандай көлемде бөлінетіні әзірге белгісіз.