«Бізді жан-жақты тек­серді»: Меруерт Өтекешова ел білмейтін деректі айтты

Қазақтың Қыз Жібегінің даңқына қылау түсірмеген әйгілі актриса Меруерт Өтекешовамен сұхбаттасудың сәті түсті

Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова Аiqyn тілшісіне сұхбат берді

Қазақтың қыздары қазір де ерек­ше әдемі. Бірақ актерлік өнер­де сыртқы сұлулықтың өзі жеткі­лік­сіз. Адамның білімі, ішкі сезімі, та­ланты, кейіпкердің жан дүниесін тү­сіне білуі маңызды. Экранға түс­кенде адамның шынайы болмысы ашылады. Өйткені кино түсіретін ортада «камера сүйетін адам» деген тү­сінік бар. Кейде өмірде өте сұлу адам камера алдында сол сұлу­лы­ғын көрсете алмауы мүмкін. Ал кей­бір адамның жан дүниесіндегі ерек­шелік экраннан бірден байқа­лады.

Іріктеуден өткеннен кейін бізді ка­мераға түсіріп, жан-жақты тек­серді. Көркемдік кеңестің бекі­туі­нен өту де оңай болған жоқ. Ақыры рұқ­сат беріліп, фильмге түсу ба­қы­ты бұйырды.

Ол кезде киноның менің өмірі­ме осындай үлкен өзгеріс әкелеті­нін толық түсіндім деп айта алмаймын. Жас болдым. Алдымда қан­дай жол күтіп тұрғанын білмедім. Бірақ сол фильм менің бүкіл өнер жолыма ықпал еткен ерекше мектепке айналды.

Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.