Астанада сахнада балағат сөз айтқан әзілкешке айыппұл салынды

Астанада сахнада балағат сөз айтқан әзілкешке айыппұл салынды

Астанада өнер көрсету кезінде көрермендер алдында бейәдеп сөздер қолданған әзілкеш әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

7 қарашада Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Қ.-ға қатысты істі қарады.

Сот мәліметінше, әзілкеш қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде өнер көрсетіп, көпшілік алдында балағат сөздер айтқан. Оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу және айналасындағыларға құрметсіздік көрсету ретінде бағаланған.

Сот отырысында азамат кінәсін толық мойындап, өкініш білдірген және айыппұл тағайындауды сұраған.

Сот әзілкешке 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ