Польшаның Краков қаласындағы орталық алаңда атыс болды: 6 адам қаза тапты

Краковта қаза тапқандарға байланысты аза тұту жарияланды.

Польшаның Краков қаласының орталығында қарулы шабуыл болып, алты адам қаза тапты, тағы 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды Aikyn.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында болған. Қарулы ер адам көлігімен қаланың басты туристік орындарының бірі – Орталық базар алаңына кіріп, адамдарға оқ жаудырған.

Қаза тапқандардың төртеуі – әйел, екеуі – ер адам. Жараланғандардың арасында екі полиция қызметкері бар. Полиция шабуыл жасаған Польша азаматын ұстады. Күдікті тәртіп сақшыларымен атыс кезінде жараланып, ауруханаға жеткізілген. Оның көлігінен қосымша қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылған.

Польша премьер-министрі Дональд Туск оқиғаны террористік акт деп атап, құқық қорғау органдары шабуылдың себептері мен мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.