Алматыда Валерий Меладзенің концертінде жанжал шығарған әйелдер жазаланды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, концерт барысында бірнеше көрермен арасында жанжал туындаған. Қауіпсіздік қызметкерлері оларды концерт өтетін алаңнан сыртқа шығарған. Соған қарамастан концерт тоқтатылмай, әдеттегідей жалғасқан.

Алматыда әнші Валерий Меладзенің концерті кезінде көрермендер арасында жанжал шығып, үш әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, концерт барысында бірнеше көрермен арасында жанжал туындаған. Қауіпсіздік қызметкерлері оларды концерт өтетін алаңнан сыртқа шығарған. Соған қарамастан концерт тоқтатылмай, әдеттегідей жалғасқан.

Полиция тексеру жүргізіп, жанжалға қатысқан үш әйелді анықтады. Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Біреуі сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, екіншісіне қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін айыппұл салынды.

Ал Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде концерттің тоқтатылғаны туралы жалған ақпарат тараған. Полиция Instagram желісіндегі жазбаның авторын анықтап, оған да әкімшілік айыппұл салды.

Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзғаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.