Астанада TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізген тұрғын балағат сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сот оны 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Оқиға әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде болған. Ер адамның көпшілікке қолжетімді эфирде әдепсіз сөздер қолдануы әкімшілік іс қозғауға негіз болған.
Істі қараған сот құқық бұзушылықтың мән-жайын зерттеп, тұрғынға 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
Бұл жағдай әлеуметтік желідегі тікелей эфирдің де көпшілікке ашық ақпарат алаңы екенін көрсетеді. Ондағы әрекеттер үшін де заңда жауапкершілік көзделген.