Жас ақындар жыр бәйгесінде бақ сынады

Жоба аясында жас ақындар байқауы ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге өткен 16 қатысушы өз өлеңдерін көпшілік назарына ұсынды.

Атырауда жас таланттардың шығармашылығын қолдауға бағытталған «Жайық жырлайды» жобасы мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жоба аясында жас ақындар байқауы ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге өткен 16 қатысушы өз өлеңдерін көпшілік назарына ұсынды.

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен жүзеге асқан жобаның финалдық кезеңінде үміткерлердің шығармалары қазылар алқасы мен көрермендерге таныстырылды. Жас қаламгерлер туған жер, ел тағдыры, адам болмысы мен өмір құндылықтарын өлеңге арқау етті.

Байқау қорытындысы бойынша бес жас ақын жеңімпаз атанды. Олар – Раббина Бату, Бекзат Елеусінов, Ерасыл Аманғали, Жолдас Нұрман және Ажар Сұлтан. Жеңімпаздардың әрқайсысына 50 мың теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.

«Жайық жырлайды» жобасының негізгі мақсаты – қазақ поэзиясының өрісін кеңейту, жас ақындардың шығармашылық әлеуетін қолдау және өңірдегі әдеби ортаның дамуына серпін беру. Жоба жас қаламгерлерге өз шығармаларын көпшілікке таныстырып, әдеби ортада танылуға мүмкіндік берді.