Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.