Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында тасжолдағы велоспорттан ұлдар арасында топтық жарыс мәресіне жетті.
Бұл сайыста Қазақстан намысын Глеб Новиков қорғады.
Отандасымыз 76,5 шақырым қашықтықты 1 сағат 48 минут 3 секундта жүріп өтіп, 22-ші болып мәре сызығын кесті. Ол жеңімпаздан 59 секундқа қалып қойды.
Жарыста бельгиялық Даан Вилмсен топ жарып, алтын медаль иеленді. Оның нәтижесі – 1:47:04. Ресейлік Степан Бортник күміс жүлдеге қол жеткізсе, аустралиялық Калеб Маккензи қола медаль жеңіп алды