Бүгін жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады

Ірі қалалардағы метеорологиялық жағдай.

Бүгінгі ауа райы болжамы: Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, оңтүстігінде аптап ыстық болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Астанада күн ала бұлтты. Түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +4...+6°C, әрі қарай төмендейді.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +22...+24°C.

Шымкентте күн ала бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауады. Жел 8-13 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +18...+20°C.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.