Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мемлекет басшысының Жарлығымен XX жазғы Азия ойындарындағы және V Азия Пара ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін марапатталды:
«Парасат» орденімен:
Берульцева Софья Полихроновна – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы;
«Құрмет» орденімен:
Луценко Алексей Александрович – шосседегі велоспорттан жекелей жарыстың және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Проходов Кирилл Дмитриевич – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Сертай Ерлік Асқарұлы – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Чернухин Иван Сергеевич – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Яковлев Владислав Павлович – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы;
Ермұханбет Наиль Мадьярұлы – паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тасжолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Калаус Анастасия Андреевна – паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тасжолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Кенжебек Диас Ерболатұлы – паражүзуден алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Нұрмаханұлы Ибрагим – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Сұлтанова Рината Станиславовна – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 шақырым жекелей жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы – жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы, Астана қаласы;
Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы – таэквондодан алтын медаль иегері, Алматы қаласы;
Шарлаимов Вадим Вадимович – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
Шынбаев Қадырбек Айбекұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы.