Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жұбайы Мархабат Беспаева марқұм композитор Арман Дүйсеновті сағынышпен еске алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында композитордың жары Айсұлу Дүйсеноваға iPhone 18 телефоны сыйға берілді. Мархабат Беспаева осы қуанышты сәтке байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өмірден өткен досын еске алды.
«Кей адамдардың орны ешқашан толмайды… Уақыт өтсе де, сағыныш сейілмейді екен. Кеше болған қуанышты сәтте Арман Дүйсеновті тағы да ерекше сағынышпен еске алдық. Осындай күндерде «шіркін, қасымызда болғанда ғой…» деген ой жүректі сыздатады. Бірге өткізген күндер, шынайы достық пен жарқын естеліктер ешқашан ұмытылмайды. Айсұлудың бүгінгі қуанышына біз шын жүректен қуандық! Сағынышпен еске аламыз. Жаныңыз жәннатта болсын!» – деп жазды Мархабат Беспаева.
Еске салайық, белгілі композитор Арман Дүйсенов 2023 жылғы 24 қаңтарда 48 жасында дүниеден өтті.