Танымал директер Ақмоншақ Нұртаза денсаулығы сыр бергенін айтты

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Әлеуметтік желі арқылы танымал болған астаналық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазаның денсаулығы сыр бергенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол өзіне ота жасаған дәрігерлерге алғыс айтты.

«Отадан осы жаңа шықтым. Қуанышты да қайғыда да бір болған алтын оқырмандарым, қолдау сөздеріңіз, жылы лебіздеріңіз, дұға тілектеріңізге рақмет.  Биыл денсаулық жылы болды. Жылдың басынан бері 3 ота болды, алла қолдасын Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, қалғаны бәрі өткінші. Дәрігерлерге рақмет, алтын қолдарыңыз талмасын», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары мектеп директорының тездетіп жазылуын жазылуына тілек білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.