Мақпал Жүнісова Мейрамбек Бесбаевтың мерейтойына неге бармағанын айтты

Әнші Мейрамбек Бесбаев 50 жасқа толған мерейтойын тойлаған болатын.

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Мейрамбек Бесбаевтың мерейтойына неге бармағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші Мейрамбек Бесбаев 50 жасқа толған мерейтойын тойлаған болатын. Мақпал Жүнісова оқырмандарына мерейтой иесі шақыруды кеш алғанын, алдын ала жоспары болғанын түсіндірді.

"Көбі жазып жатыр "Неге тойда болмадыңыз?" деп. Мейрамбек маған кеше айтты біріншіден. Екіншіден мен 1 ай, 2 бұрын алып қойған тойларым бар. Ол кісілерге бармасам ренжиді ғой. Сондықтан мен жұмысымды атқардым. Содан кеш болып кетті. Мейрамбекжан, 100-ден асып кет. Берерің көп болсын. Отбасың аман болсын. Амандықта тойлатып жүре беріңіздер", - деді Мақпал Жүнісова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.