Жаңбыр, қар жауады: 10 қарашаға ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Қазгидромет сейсенбі, 10 қарашадағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерде жауын-шашын мол түседі.

Солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның барлық дерлік аумағына жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Елдің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын мол түседі. Тек қиыр батыста антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік пен орталықта көктайғақ болады.

Бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының батысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қауіпі жоғары.

Ал Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.