"Көшеге шығып ән салдым, әркім қолындағысын беретін": Дариға Бадықова жан сырын ақтарды

Ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бала кезінде отбасымен тұрмыстың тауқыметін тартқанын жасырмады.

Продюсер, актриса Дариға Бадықова балалық шағын еске алып, көз жасына ерік берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бала кезінде отбасымен тұрмыстың  тауқыметін тартқанын жасырмады. Сондай қиын кезеңде ол көшеге шығып ән салып, үйіне тамақ тауып әкелген.

«Жұрт мені жыламайды деп ойлайды. Мен кішкентай кезімде «Қант жоқ, басқа жоқ» десе, менде «Неге жоқ, табу керек қой» деген ой болатын. Қалай жоқ болады ол? Неге жоқ деп ойлайтынмын. Түсте әрбір көшеге шығып, ән айтатынмын. Әркім қолындағысын беретін. Қант, алма, құрт , май алып келетінмін үйге. Інім мен әпкемнің жегеніне мәз болатынмын. Солар жесе екен, солар ішсе екен деп ойлайтынмын. Түсте бәрі ұйықтағанда ән айтуға шығатынмын. Көше-көшені аралап, төрт-бес көшеге баратынмын. Бәрі мені жақсы көретін. Туған ауылыма ризамын, ол жерден маған береке дарыды», – дейді актриса.

Желі қолданушылары жылы лебізін білдіріп, актрисаның пысықтығы мен еңбекқорлығына тәнті болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.